Басты бет Жаңалықтар Қазақстаннан Украинаға рейстер 7 наурызға дейін тоқтатылды

Қазақстаннан Украинаға рейстер 7 наурызға дейін тоқтатылды

Қазақстандық әуе компаниясы Украина аумағында ұшуға тыйым салуға байланысты мәлімдеме жасады.

Фото: Reuters.com

Бұған дейін идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинаның әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салғанын хабарлаған болатын.

Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап кем дегенде 2022 жылдың 7 наурызына дейін Киевке барлық рейстерді тоқтатады. 2022 жылдың 22 ақпаны мен 7 наурызы аралығындағы рейстерге билеттерді 31 наурызға дейін тегін қайта брондау немесе билетті қайтаруға рұқсат етіледі. Жолаушыларға СМС арқылы хабарланады. Киевке ұшатын рейстер туралы ақпаратты Аirastana.com сайтынан тексеріңіз, — деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Exit mobile version