Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Украинадан өз азаматтарын эвакуациялап жатыр

Қазақстан Украинадан өз азаматтарын эвакуациялап жатыр

Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды бастады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Gettyimages.ru Pierre Crom

Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады,- делінген хабарламада.

Қазір уақытша консул есебінде 493 адам тұр, олар — елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консул есебінде 1 110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз хабарласуы үшін келесі телефон арқылы «жедел желі» ашылды +7 (7172) 72-06-06.

Exit mobile version