Жолақы мен азық-түлік қымбаттап жатыр

Өткен айда бағаның өсуі картопқа 6,9%, жаңадан жиналған көкөністерге 6,7%, жаңадан жиналған жемістерге 1,7%, сиыр етіне 1,5%, консервіленген сүтке 1,3%, мәйекті ірімшікке 1,2%, қара шайға 1,1%, сары майға 1%, кондитерлік өнімдерге 0,9%, құс етіне 0,8%-ға белгіленді.

Бағаның төмендеуі қантқа, қарақұмық жармасына 0,8%-дан, жұмыртқаға 0,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі баллондағы сұйытылған газға 3,4%, бензинге 2,1%, автомобильдерге 1,4%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына 0,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, фармацевтикалық өнімдерге, тұрмыстық аспаптарға 0,8%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына 0,6%-дан, жеке қолданатын тауарларға 0,5%-ды құрады.

Құқықтық қызметтер үшін төлем 7%, көлiк құралдарын сақтандыру 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 1,2%, денсаулық сақтау қызметтері 1%-ға өсті.

Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 1,8%-ға қымбаттады, ал әуе көлігімен 8,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігімен 1,9%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 5,6%, электр энергиясына 1,3%, суық суға 0,5%-ға жоғарылады.

ДереккөзNaryk.kz