22 ақпанда сағат 14:30-да Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлады.
Табылған жерге дереу полиция департаментінің және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлары жіберілді. Оқиға орнына барғанда табылған снаряд «ОФАБ-100» үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екені анықталды, — делінген хабарламада.
Мұқият зерттеуден кейін саперлар бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу полигонына алып кетті.