Басты бетҚоғамИндустрия және...

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады.

Әр жылдары Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.