Шаңғы спортына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындарының, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы.
Шаңғы спортының 50 жылдық эволюциясы (Видео)
Шаңғы тебудің әр заманға сай өзіндік стилі болған. Шаңғышының киім киісі, құрал-жабдығы, шаңғы тебу әдіс-тәсілі де дамып, өзгеріске ұшырап отырды. Назарларыңызға шаңғы спортының 50 жылдық эволюциясын ұсынамыз.