Басты бетҚоғамСанжар Жаркешов...

Санжар Жаркешов QazaqGaz төрағасының міндетін атқарады

Санжар Жаркешов 1986 жылы Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша және Техас университетін мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша бітірген.

2008–2010 жылдары «Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеуші болып істеді.

2010–2016 жылдары ExxonMobil корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырауда – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері болып жұмыс істеді.

2016–2018 жылдары Шотландияның Перт қаласындағы Merlin ERD компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды.

2018–2019 жылдары  Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда McKinsey and Company Лондон офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы болды.

2019–2020 жылдары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті.

2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін «Нафтогаз УГВ» бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары болып еңбек еткен.