Басты бетҚоғамПутин Тоқаевқа...

Путин Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты ұстанымын айтты

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты.

Ресей президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады.

Еске салайық, бүгін, 22 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.