Басты бетҚоғамУкраинадағы жағдай:...

Украинадағы жағдай: Тоқаев жедел шаралар жоспарын қабылдауды тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

президент премьер-министр Әлихан Смайыловтың, ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz