Басты бетЖаңалықтарСемей полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

Семей полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

Ернар Базаровты білікті маман, тәжірибелі басшы деп есептеймін. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды орындай алады. Барша әріптестеріме оған қолдау білдіруді сұраймын, — деді Серік Жүнісбеков.

Ернар Базаров 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жол полициясында түрлі қызметтерді атқарған. Семей ІІБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Ал осы уақытқа дейін ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.