Басты бетЖаңалықтарҚазақстаннан картоп...

Қазақстаннан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынды

Осыған дейін, 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында сыртқа алып кетуге шектеу қойылды.

2022 жылғы 28 қаңтарда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге 1 мамырға дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды,- делінген хабарламада.

ВАК шешімі негізінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығы қабылданды. Бұл бұйрыққа сәйкес, картопты сыртқа алып кетуге квота бекітілген.