Жауған қардың мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сонымен қатар қар астында мұз қабығының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Тәуекелі орташа аймақтарға: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді, — деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, толассыз жауын-шашын сияқты құбылыстар аталған аймақтардағы жағдайды күрделендіруі мүмкін.
1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжам ұсынатын болады, соны ескере отырып, біз дер кезінде жеткізу үшін министрліктің күштері мен құралдар топтамасын түзетеміз және қажет болған жағдайда резервтік топтарды қолданысқа енгіземіз, — деді төтенше жағдайлар министрі.