Ведомство мәліметінше, оқиға туралы кезекші қызметке 22 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4:11-де хабарланған.
Кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайындағы «Альтаир» жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ақтөбенің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді, — делінген хабарламада.
Оқиға орнында Ақтөбе ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сонымен қатар ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.
Жарылыстан мекемеде күзетші болып жұмыс істейтін азамат зардап шегіп, оқиға орнында қаза тапты. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің өлі денесі табылды.