Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында ірі майнинг фермасы мемлекетке 131 миллион залал келтірген

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңсыз әрекетті шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата зауыты болған «Қарғалы» акционерлік қоғамы аумағында жүзеге асырған. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар «майнинг» фермасын тоқыма өндірісі атынан тұтынылатын электр қуатының құнын жеңілдетілген тариф бойынша төлеген. Тінту кезінде мамандар құны 1 миллиард теңгеден асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2 800 бірліктен астам жабдық тәркіленді, — делінген агенттік таратқан хабарламада.

Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келген.

Сонымен қатар «майнинг» фермасын ұйымдастырушылар «Алатау жарық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Жамбыл ауданының экономикалық тергеу департамент қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.