Ауа райы: Қазақстанда 29 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады.

Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады, — делінген хабарламада.