20 ақпанда сағат 06:20-да полиция бөліміне Пешковка ауылынан бес шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер Volvo көлігінің 45 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, пойызбен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан Volvo көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, Федоровская аудандық ауруханасына жеткізілді, — делінген хабарламада.