Қаулыға сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеу қойылмайды.
Тек медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология кабинеттері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырылу қажет. Ұйымдар мен кеңселерге CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Өнеркәсіп, коммуналдық теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтер мен туристік компаниялар, бизнес орталықтары мен медициналық ұйымдар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді.
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар, ашық базарлар, жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады.
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектеусіз жүргізіледі.
Салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Сонымен қатар, олардың қатарында спорт кешендері мен спорттық сауықтыру орталықтары, ойын клубтары мен түнгі клубтар, караоке залдары, сауда орындары, бассендер бар.