Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда құрылыс...

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты

18 ақпанда сағат 17:07-де Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылы 89/А мекен-жайы бойынша салынып жатқан объектінің аумағында QTZ 100 мұнара кранының (2013 жылы шығарылған) секциясы сынған. Бұл кранның құлауына әкеп соқты. Нәтижесінде 1970 жылы туған краншы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Осы оқиға бойынша төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өндірістік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан полиция департаменті тергеу шараларын бастап кетті.

Тергеу шараларының нәтижесінде мұнаралы кранның құлау себептері және қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталады. Тексеріс материалдары Нұр-Сұлтан полиция департаментіне жіберіледі. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданады, — дейді департамент мамандары.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұдан бөлек, өндірістік қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті және тағы басқа мемлекеттік органдардың мамандары кіретін арнайы комиссия құрылады. Олар барлық мұнаралы кранды тексеріп шығады және техникалық талаптарға сай келмейтін қондырғыларды анықтайды.

Полиция департаменті қылмыстық кодекстің 277-бабы (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.