Таразда тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан адам ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

6 қаңтарға қараған түні сағат 20.00-де Тараздағы Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тұрған. Автокөліктегі адамдар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салып қойған. Көлік жүргізушісі жанғыз қоспасы бар бес литрлік ыдыс алып келіп, бөтелкелерге құйып, митингіге шыққандарға таратқан, — деді полиция өкілдері.

Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 255-бабы 4-бөлігі бойынша (терроризм акті) соталды тергеу жүріп жатыр.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 44 жастағы тұрғынды ұстады. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.