Синиптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан республиканың батысына қарай солтүстік-батыс циклон ығысады.
19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар, екпінді жел және көктайғақ болады.
Еліміздің бүкіл аумағында температуралық фон жоғарылайды. Термометр бағандары: батыста түнде -5…+5 градусқа дейін, күндіз +2…+13 градусқа дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5…-16 градусқа дейін, күндіз -8…+ 2 градусқа дейін, орталықта, шығыста түнде -8…-17 градус, күндіз -1…-10 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5…+5, күндіз + 5…+13 градусқа дейін, — делінген хабарламада.