Полиция мәліметінше, қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы — Өскемен тасжолының бойында жасырылған.
Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан 22 калибрлі «Марлин» және 308 калибрлі «Tikka» мылтығы табылды. Белгілі болғанындай, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған,- делінген хабарламада.
Қару- жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.
2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленді. Оның 133 тапанша.