Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр. Жиында алдымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа президиум төрағасын сайлау мәселесі тұрды.
Съезге қатысушылардың 248-і Райымбек Баталовтың президиум төрағалығын қолдады, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты. Барлығы 302 адам қатысты.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін одан әрі жетілдіруге бар күшімді саламын. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, өзгерісті бірге енгіземіз. Біріксек болашақта алмайтын асу жоқ, — деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы Райымбек Баталов.