Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-тест тапсыруға міндеттелмейді.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.
Бизнес үшін:
- Ashyq бойынша «жасыл» және «көк» статусы бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиология қатерінің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-ке дейін шектеумен рұқсат етіледі:
- (азық-түлік емес), сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
- (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
- балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды.
- эпидемиология қаупі аймағына қарамастан («қызыл», «сары» және «жасыл») ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алып тасталды.
Тұрғындар үшін:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
- ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
- ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады (Ashyq жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).