Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтамын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, айта алмаймын, ерте, — деді Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 % дауыспен жеңіске жетті.