Басты бетҚоғамТоқаев ҰҚШҰ...

Тоқаев ҰҚШҰ әскерін елге шақырғанына өкінбейді

ҰҚШҰ әскерлері біздің елде бірде-бір оқ атқан жоқ. Оны анық айту керек. Олар тек негізгі стратегиялық объектілерді қорғап тұрды. Болды. Осы кезде біздің күштік құрылымдар іске кірісіп, қарулы лаңкестерге тосқауыл қойды. Арамызда тығыз байланыс пен үйлесім болды, — деді президент.

Тоқаев сонымен бірге ҰҚШҰ әскерін елге шақырғаннан кейін «Ресей президенті Путинге қарыз болып қалдық» дегенге қатысты ойын айтты.

Ал енді Путинге қарыз болып қалдық дегенге келсек, бұл — бос әңгіме, мұны доғару керек. ҰҚШҰ Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес, — деді мемлекет басшысы.