Мемлекет басшысы бірінші президенттің еңбегін жоққа шығаруға болмайды деп есептейді.
Әлеуметтік желіде тұңғыш президентіміз туралы әртүрлі ойлар айтылып, жазылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір болады. Мен мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жоққа шығаруға болмайды деп ойлаймын. Тарихқа қиянат жасамау керек. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің іргесін қалады. Мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан тұлға. Тұңғыш президенттің кемшіліктері болса, оларды сабақ ретінде жас басшыларға қалдыру қажет, — деді президент Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.