Басты бетҚоғамПрезидент үтік...

Президент үтік басып азапталған азаматтың жағдайынан хабардар болып шықты

Иә, бұл мәселе жөнінде жақсы білемін. Кейбір азаматтарымыз менің атыма бейнеүндеу жазып, әлеуметтік желіге таратып жатыр. Оны да біліп отырмын. Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. Енді шаш ал десе, бас алатын әрекеттерге жол беруге болмайды ғой. Қоғамдық комиссиялар өз жұмысына кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар Айман Омарова, Жеңіс Тұрмағамбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссия құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Оларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, қақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да олардың жұмысына араласпайды. Мен де араласпаймын. Әрбір құқық бұзу дерегі бойынша шаралар қабылданады. Кінәлі адамдар жазаға тартылады. Мен үшін азаматтардың құқығы аса маңызды, — деді  мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.