Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Данабек Алтынбекұлы Керімрай Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Данабек Керімрай 1982 жылы Шымкентте туған. «Мирас» университетін, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясын бітірген.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент әкімі аппаратының құрылымдарында, қоршаған ортаны қорғау және өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктері мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің департаменттерінде қызмет еткен.
2017 жылғы шілдеден қазіргіге дейін ұлттық экономика министрлігі экономика және қаржы департаментінің директоры болды.