Ведомство өкілі денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша барлығы 1 726 адам жарақат алғанын хабарлады.
Оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттарымен, 469-ы пышақ жарақаттарымен, 434-і дене жарақаттарымен медицина көмегіне жүгінген. Медицина көмегіне жүгінгендер азаматтардың басым бөлігі — 686-ы Алматыда, 336-ы Алматы облысында, 164-і Қызылорда облысында, 153-і Жамбыл облысында. Шымкент және Шығыс Қазақстан облысында — 126 адам, — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.