Басты бетҚоғамҚаңтар оқиғасы:...

Қаңтар оқиғасы: биліктің 273 өкілі емделіп жатыр, бір бөлігі мүгедек болып қалды

Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты.

Тәртіпсіздік кезінде үш мыңнан астам құқық қорғау органдарының және әскери қызметшілер әртүрлі дене жарақатын алды. Оның ішінде атыс және пышақ жарақаттары, басқа да ауыр зардаптар бар. Қазіргі уақытта  медицина мекемелерінде жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыр жарақат алған 273 қызметкер мен әскери қызметші емделіп жатыр. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде, өкінішке қарай, олар әрі қарай жұмыс істей алмайды, іс жүзінде мүгедек болып қалды, — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.