Оның айтуына қарағанда, қылмыскерлердің құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып алудағы негізгі мақсаты атыс қаруын иемдену болған.
Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, бір гранатомет, сонымен бірге 23 мыңнан астам патрон ұрланған. Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон ұрланды. Алматы резиденциясындағы қиратулардан кейін 130 қару мен оқ-дәрі жетіспейтіні анықталды. Оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар. Сонымен қатар 10 аңшылық дүкені тоналды. Сол жерден 1 629 мылтық ұрланды, — деді бас прокуратура өкілі.
Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңнан астам қару қолды болғанын, оның 967-сі ғана табылғанын айтты.
Ал екі мыңнан, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар, гранатометтер әлі де қылмыскерлердің қолында. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және ұрланған қару-жарақтарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді ол.