Қамауға алынғандардың жеке басын зерттедік және Алматы бойынша олардың портретін жасадық. Негізі көпшілігі — жоғары білімі және тұрақты жұмысы жоқ, 30 жасқа дейінгі жас азаматтар, — деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Прокуратура Алматыда аноним сауалнама жүргізген, оның қорытындысы бойынша тәртіпсіздікке қатысқан әр үшінші азамат жағдайды пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлау арқылы пайда табуды көздегенін мойындапты.
Прокуратура органдары азаматтық ұйым өкілдерімен бірлесіп, қамауға алынғандардың, ұсталғандардың жағдайын күнделікті тексеріп жатыр, — деді ведомство өкілі.