Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туралы жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.
Еске салайық, президент 6 қаңтарда Ардақ Әшімбекұлын қызметінен босатып, Айтқұрман Омарбековті мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы міндеттерін уақытша атқарушы етіп тағайындаған еді.