Басты бетЖаңалықтарАйман Омарова...

Айман Омарова жаппай тәртіпсіздік кезінде әйелдердің зорланғанын айтты

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде сұлулық салонының қызметкерлері зардап шеккен. Әйелдерді бесінші қаңтар күні жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезде зорлаған.

5 қаңтарда автобустар жүрмеді, сұлулық салонының қызметкерлері жұмыстан қайтып келе жатқанда оларды белгісіз біреулер зорлаған. Олар полицияға арызданған жоқ. Отбасылары, күйеулері болғандықтан жария еткісі келмеген, — деді «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова.

Сонымен қатар, ол тағы бір зорлау оқиғасы әкімдік ғимаратының жанында болғанын айтты. Алайда жәбірленушілер полицияға арызданбаған.

Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысып жатыр. Олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауына мұқтаж,- деді Айман Омарова.