«Кейінгі күндері Жаңаөзендегі бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс берушілерге жалақыны көтеру мәселесін қойып отыр. Қазіргі уақытта Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Алик Айдарбаев жұмыс істеп жатыр. Ол еңбек ұжымдарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды және оларды шешу жөніндегі қолға алынып жатқан шараларды түсіндіріп жатыр.
Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша осымен екінші апта қатарынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл сұрақтарда алға ілгерілеушілік бар.
Құрметті жерлестер!
Мен барлығын жақсы түсінемін. Проблемалар бар. Оларды шешу үшін біз барлық мүдделі тараппен жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. Қанша қаласақ та, өңірдің барлық тұрғынын бір мезетте мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Бірақ біз шағын және орта бизнес кәсіпорындарында, басқа да мемлекеттік және басқа кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құрып, өңір экономикасын әртараптандыруға тиіспіз. Халықтың және елдің амандығы үшін баршаңызды сабыр сақтауға және түсіністік танытуға шақырамын. Көтерілген мәселелер шешіледі. Бірақ бірден емес. Ол үшін уақыт қажет.
Қысқа мерзімде «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жаңаөзеннің 150 жұмыссыз азаматын жұмысқа орналастыру керек. Тағы 150 тұрғынды сервистік мекемелерге жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.
Мен мекеме жұмысшыларын және кәсіподақ ұйымдарын жұмысберушімен конструктив диалог құруға шақырамын. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, бізге қордаланған мәселелерді үстел басында шешу керек.
Маңғыстау облысының әкімдігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығымен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.
Жаңаөзендегі шағын және орта бизнес субъектілері қосымша тағы 50 жаңа жұмыс орнын ашады. Осылайша, арнайы әзірленген алгоритм негізінде Жаңаөзеннің жұмыссыз азаматтары кезек-кезегімен жұмысқа орналастырылады. Бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе.
Біз жұмысқа орналастырудың осы алгоритмінің ашықтығы мен адалдығына кепілдік береміз. Жаңаөзен тұрғындары да комиссия құрамында бар.
Құрметті маңғыстаулықтар!
Өңір басшысы ретінде әрі осы облыстың жанашыр тұрғыны ретінде арандатушылыққа бой алдырмауды және популистік ұрандар мен бос уәделерге алданып қалмауларыңызды сұраймын.
Біз барлық қиындықты бірге жеңеміз! Сіздерді ақылмен шешім қабылдап, әділдік танытады деп сенемін!»