2022 жылғы 14 ақпанда ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскеменде интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, — делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 2 келіден көп мефедрон, α-PVP психотроп заттары және 600 грамм шегетін спайс қоспасы алынды.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.