Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 ақпан күні сағат 8:05-те Сайрам ауданы, Қайнар бұлақ ауылдық округі, Ошақты елді мекені Құрманғазы атындағы шағын жинақты мектеп аумағындағы жеке қазандықта жарылыс болды. Бу қазандығы жанбай тұрып, 20 шаршы метр аумақта шатыры қираған. Өрт сөндіру бөлімі шақырылған жоқ. Оқиға салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында қаза тапты,- делінген хабарламада.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, қаза тапқан адам Ошақты ауылының тұрғыны.