«Дархан» ықшамауданының тұрғыны қару-жарақты байқап, бірден дабыл қаққан. Ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 2,3 калибрлі оқ-дәрі, револьвер, «Молотов коктейлін» тәркіледі.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы жедел іс-шаралар барысында анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.