Көліктерді қайтаруға не себеп?
- Audi A5 (2013-2016), A5 Cabriolet (2013–2016), Q5 (2013–2016), Allroad (2013–2016), A4 (2013–2016) және A6 (2012–2015) үлгісіндегі 342 мыңнан астам көлік жанып кетуі мүмкін деген қауіп бар.
- Сұйықтықты салқындататын сорғышы салқындату жүйесінің салдарынан қоқысқа толып қалуы мүмкін. Өз кезегінде бұл машинаның өртеніп кетуіне әкеледі, деп хабарлайды National Highway Traffic Safety Administration агенттігі.
Сондай-ақ Audi Q5 (2011–2015) моделіндегі көліктер қауіпсіздік жастығына байланысты кері қайтарылады. Оның газ генераторында ақау бары анықталған. Қауіпсіздік жастығының жүйесі іске қосылған сәтте көлік ішіндегі адамдарды жарақаттауы мүмкін деген қатер бар.