Бейжің–2022: Қазақстан спортшыларының 15 ақпандағы жарыс кестесі

15 ақпанда Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі олимпиадада екі ойын түрінен бақ сынайды. Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды. 

Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан өнер көрсетеді. Алдымен қазақстандық спортшы үлкен трамплинде бақ сынайды. Бұл жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Содан кейін ол он шақырым болатын жарысқа қатысады (17:00).

Екі жарысты да Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Шаңғы акробатикасынан фристайлшы Шерзод Хаширбаев бақ сынайды. Жарыс 15:00-де басталады, трансляцияны «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз