ТЖД Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес берді

15-17 ақпан күні жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты үлкен және кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай қауіпсіздік шараларын назарда ұстауды ұсынады:

— Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс;

— Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкіні болуы мүмкін;

— Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;

— Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкін қауіпі бар екенін білдіреді;

— Үйге тым кеш қайтып жүрмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;

— Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды;

— Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз;

— Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға баратын жеріңізді айтып кетіңіз.