Ақпанда баспана бағасы арзандай ма?

Маманның айтуынша, ақпан айында баспана бағасы айтарлықтай өзгере қоймайды.

«2017 жылға арналған болжамымыз — қайталама нарықта баға 7-10 пайызға төмендейді. Біз бұл болжамды әлі де растаймыз, сондықтан ақпан айында «ескі» баспана құнының 0,2-0,3 пайыз шамасында сәл-пәл төмендеуі тіркеледі деп күтеміз. Нарықтың жандануы, біздіңше, ақпанның екінші жартысында және наурызда болады, бірақ бұл аралықта да баға айтарлықтай төмендейді дей алмаймыз. Керісінше, нарыққа жан бітіп, сатып алушылардан сұраныс бола бастағанда, баға сол деңгейінде тұрақтала беруі мүмкін», — деп болжады Мария Рен.

Демек, бағаның төмендеуін күтіп, пәтерлі болуды кейінге шегере беру тиімсіз.

«Экономикадағы ахуал тұрақталып келеді, теңге қалпында. Сатып алушылар баспана сатушыларға қарағанда аз», — дей келе маман мұндай жағдайда сатушымен біраз саудаласудың тиімді екенін айтады.

«Жаңа баспаналар нарығында да баға сол күйінде сақталады. Себебі, нарықтағы баспаналар сапасының төмендігіне байланысты сатып алушылар жаңа үйлерді жиі таңдайтын болған, осыған байланысты бұл да бағаның төмендемеуіне ықпал етеді»,-дейді Мария Рен.

ДереккөзTengrinews.kz