Басты бетҚоғамАлматыда митингіге...

Алматыда митингіге жиналғандар Досаевтың келуін талап етіп жатыр

Қазақстанның демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай Алматы әкімі Ерболат Досаев келмей, алаңнан кетпейтінін мәлімдеді.

Тәуелсіздік монументінде «Досаевқа халық қарсы» деген плакат та бар.

Baribar.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметінен сағат 14.04-те «Ерболат Досаев митингіге шыққандардың талабын тыңдауға бара ма?» деп сұрады. Алайда әлі жауап жоқ.

Айта кетейік, бүгін, 13 қаңтарда сағат 08.00-де Алматыдағы орталық мешітте қаңтар оқиғасы құрбандарына құран оқылған. Бұл рәсімге қала әкімі Ерболат Досаев та қатысқан.

Фото: Жанарбек Әшімжан
Фото: Жанарбек Әшімжан

Еске салайық, Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметіне биыл 31 қаңтарда тағайындалды. Ол мұның алдында ұлттық банкті басқарған.

Материал 16.52-де толықтырылды.

«Азаттық» радиосының хабарына қарағанда, Алматыда алаңда қалғандарға прокуратура мен әкімдік өкілдері келген. Полиция бірнеше адамды ұстаған.

13 ақпанда күндіз Алматының Республика алаңында қалған ондаған адамға жергілікті прокуратура және әкімдік өкілдері келіп, шараның «заңсыз» екенін ескертіп, тарауды сұраған. Полиция демонстранттарға дүкеннен тамақ әкелуге кеткен үш әйелді ұстаған.Олар Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Алаңдағы наразылар оларды босатуды және алаңға әкелуді талап етті. Ал прокуратура өкілдері наразылар митингіні тоқтатса, демонстранттардың талабын орындайтынын жеткізген.