Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев құран бағышталған соң арнайы сөз сөйледі. Қазақстан президенті бұл жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.

Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық. Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

b793ffd8284c1c7e365f546fade3a888 Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды

Мемлекет басшысы осыған байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын еске салды.

Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым, – деді президент.

aad9657466b8eb3eeb89d1e6dc4265b7 Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысады деп ойлайтынын, енді халқымыздың тыныштығын бұзуға жол берілмейтінін жеткізді.

Халқымыздың береке-бірлігі мен тыныштығын бұзуға жол бермейміз. Бұл – биліктің ғана емес, барша азаматымыздың ортақ борышы. Мұндай қасірет ешқашан болмасын!», – деді мемлекет басшысы.

4dca5db336af5d29be918fc2c0202a22 Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды
Фото: Akorda.kz

Президент сөзінің соңында Қазақстан халқына сабыр, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін тұтас ел болып жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

1956e967f0b2bd94406e4d56e93519e4 Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды
Фото: Akorda.kz
9c8312af40e528df88ab3f5f6de28f57 Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарына құран бағыштауға мешітке барды
Фото: Akorda.kz

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram