Қар аралас жаңбыр, аяз және көктайғақ. Алматыда көктемге дейін күн құбылады

Алматыда ақпан айының соңына дейін қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Жоғары температурадан төменгі температураға күрт өзгереді. Сонымен бірге жоғары ылғал, аяз, тұман және көктайғақ болады.

Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 112 SMS-хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды өтінеміз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда көктайғақ пайда болғанда сақ болуы керек, әсіресе, баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде. Қымбатты алматылықтар, сәл шыдамдылық танытайық, жақында сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңызбен және өз денсаулықтарыңызға абай болыңыздар, — делінген хабарламада.