Оның айтуынша, прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге алып, тағы да 103 адамды босатқан.
Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әрдайым байланыста. Оларға тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және ұсталу себебін анықтайтын арнаулы орындарға кіруге мүмкіндік берілген.
Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмады. Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалды.
Әрбір істі егжей-тегжейлі тексереміз және бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз, – деді бас прокурор.