Басты бетҚоғамАлматыдағы тәртіпсіздік...

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде кәмелетке толмаған тұрғын қару таратқан

Алматы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы полиция қызметкерлеріне, арнаулы және әскери бөлімшелерге, сонымен бірге әкімшілік ғимараттарға шабуылдар жасалған жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан Алматының 4 тұрғынын, соның ішінде біреуі кәмелет жасына толмағанын анықтады.

Бұл адамдар 05.01.2022 ж. қалада Lexus gs300 автокөлігімен жүріп, басқа қылмыскерлермен бірге «Анна» қару-жарақ дүкенін тонаған. Ұрланған қаруларды сол көлікпен Республика алаңына жеткізіп, тәртіпсіздікке қатысушыларға таратқан, — деп хабарлады бас прокуратура.

Бұған қоса, Алматы мен Алматы облысының 5 тұрғыны ұсталды, олар 5 қаңтарда Алматы көшелерінде «Газель» автокөлігімен келе жатып, өтіп бара жатқан тәртіпсіздіктерге қатысушыларға өздері алдын ала дайындаған темір шыбықтарды таратқан. (ВИДЕО)

Кейін жоғарыдағы күдіктілер қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін автокөліктің кейбір бөлігін бояп, өзгерткен. Сот ұсталған  8 адамды 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» шарасын санкциялады. Кәмелетке толмаған адам ата-анасының кепіл болуымен босатылды. Қазір тергеу жалғасып жатыр, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.