Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған.
Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар және ауырып жазылғандар туралы мәліметтер алмасу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр. Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ, — делінген хабарламада.
Қазақстан Ресей Федерациясымен вакцинация паспорттарын өзара тану қажет екені туралы мәселені бірнеше рет жоғары деңгейде көтерілген, денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сонымен бірге ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланған.