Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті

«Хабар» агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен кеткенін, ол «Хабар» агенттігінде 2019 жылдан бері жұмыс істегенін хабарлады.

Ринат Кертаев
Ринат Кертаев. Фото: «Хабар» агенттігі

Қазіргі уақытта басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.