Қаулыға сәйкес:
— Өнеркәсіп, коммуналдық теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтер мен туристік компаниялар, бизнес орталықтары мен медициналық ұйымдар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді.
— Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады. Ал, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) «Ashyq» жобасына қатыспайтын болса, қызметіне тыйым салынады.
— Орта білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары, әуежайлар мен теміржолдар, автовокзалдар және жолаушыларға қызмет көрсету пінктерінің қызметтері қалыпты режимге өтті.
— «Жасыл» қауіпсіз мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Олардың қатарында спорт кешендері мен спорттық сауықтыру орталықтары, ойын клубтары мен түнгі клубтар, караоке залдары, сауда орындары, бассейндер бар.